Загрузка...
Вниз

Almaty FabLab

Fab Lab дегеніміз не?

Fab Lab (Fabrication Laboratory – «Цифрланған өндіріс зертханасы)

Fab Lab (Fabrication Laboratory – «Цифрланған өндіріс зертханасы) –шығармашылық, оқу және инновациялар кеңістігі бола тұра, келесідей заманауи жабдықтармен жабдықталған:

  1. 3D принтерлер
  2. лазерлік және фрезерлік станоктар
  3. CNC жабдықтары
  4. және басқа сандық құралдар

Мұнда кез келген адам – студенттен бастап кәсіпкерге дейін – тәжірибелік үлгілерді әзірлеп, өндіріп жасай алады, стартаптарды іске қоса алады, заманауи технологияларды меңгеріп, идеяларды жүзеге асыра алады.

Fab Lab - бұл идеялар қалыптасатын орын Fab Lab - қарапайым шеберхананадан әлдеқайда кең ұғым.

Бұл технологияны барлығына қолжетімді ететін жаһандық қауымдастықтың бөлігі. Мұнда кез келген адам заманауи цифрлық құралдарды пайдалана отырып, алғашқы эскиздерден бастап дайын прототипке дейін идеяларды әзірлеп, тәжірибе жасап, жүзеге асыра алады.